Арнайы және инклюзивті білім беру саласында «Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату» күніне орай «ПМПК тәжірибесінде қарым-қатынас пен өзара әлеуметтік әрекеттестіктің бұзылыстары: диагностика, ата-аналардың қабылдауы, білім беру маршрутын анықтау және ПМПК мамандарымен тәжірибе алмасу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар барысында өзекті сұрақтар көтеріліп, Көксу ауданының №2 ПМПК және Үшарал қаласының №4 ПМПК мамандары өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Bilimland компаниясының мамандарымен бірлесіп, «Цифрлық білім беру ресурстарын сабақ барысында тиімді пайдалану, Bilimclass электрондық журналы, бонустық жүйе» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға Қаратал ауданының мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, Bilimclass платформасына жауапты мамандары, пән мұғалімдері қатысты.
