«TopIQ.kz – білім беруді цифрландыру драйвері» вебинарына 600-ден астам бастауыш сынып, физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімдері қатысып, интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысты. TopIQ – әр оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес интерактивті және адаптивті оқулықтар арқылы оқытуды ұсынатын, әртүрлі жас топтарындағы оқушыларға цифрлық форматта қол жетімді оқу материалдарының кең ауқымы ұсынылған цифрлық платформа.
ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ КӨШБАСШЫСЫ БОЛЫҢЫЗ!
Жаратылыстану пәндері мұғалімдерімен «Оқу мақсаттары тапсырмаларын орындау арқылы жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру» тақырыбындағы вебинар.
Каникулдық мектеп аясында оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында жаңадан тағайындалған мектеп директорларына «Тиімділік пен басқарушылықты дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
Каникулдық мектеп аясында педагогтерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді әдістерін ұсыну мақсатында математика пәні мұғалімдеріне «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда ТIMSS тапсырмаларын шығару жолдары» атты облыстық вебинар өткізілді. Іс-шарада Көксу ауданы М.Құрманов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі, облыстық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы Талдаубек Нұрдыбек тәжірибесімен бөлісті.
География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің жас ғалымдарымен бірлескен семинары өтті.
Каникулдық мектеп аясында «Білім беру ұйымында әдістемелік жұмысты жетілдіру» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
«Цифрлық платформаны сабақ барысында тиімді пайдалану мақсатында Onlinemektep.kz (twig, itest, imektep, bilimland) платформасының ерекшеліктері» атты оқыту вебинары өтті. Шара барысында педагогтер bilimland платформасының жаңадан қосылған бөлімдерімен танысып, кері байланыс алды. Вебинарға физика, математика және информатика пәндерінің 600 мұғалім қатысты.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛУЫ