ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Табысты басшы» жобасы аясында мектеп директорының оқу -әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған белсенді топ шебер – класс алаңының аймақтық кезеңіне Панфилов, Көксу, Кербұлақ аудандарының белсенді топтары қатысып, облыстық кезеңге Панфилов, Көксу аудандары жолдама алды.
Кешкі (ауысымды) мектебінің ұжымына «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» және «Қауіпсіз білім беру ортасын құру біріккен жұмыс» тақырыбы бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
«ББЖМ тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру» тақырыбында ББЖМ қатысатын Панфилов, Кербұлақ аудандарының жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің қатысуымен аймақтық семинар өтті.
«ББЖМ тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру» тақырыбында ББЖМ қатысатын Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандары мектептері педагогтерінің қатысуымен аймақтық семинар өтті.
«Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау 2023 жылдың 06 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының қатысуымен «Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығы бойынша үздік атанды, соның ішінде Жетісу облысынан: Нестеренко Анжелика Викторовна, Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы…
«ББЖМ ұсынылатын оқу мақсаттары тапсырмаларын орындау арқылы жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру» тақырыбында ББЖМ қатысатын Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарының жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің қатысуымен аймақтық семинар өтті.
“Кедергісіз болашақ” жобасы аясында Талдықорған қаласы орта білім беру ұйымдарының арнайы педагог, педагог-логопедтеріне арналған“Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету” тақырыбында оқыту семинары өтті
Жетісу облысының білім басқармасы 2023 жылдың 05 желтоқсанында «Алматыкітап» баспасымен бірлесіп «TopIQ платформасына қосылу мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту вебинары өтті. Шара барысында платформаға қосылған 300 мектептің администраторларын платформа мүмкіндіктерімен таныстырып, пайдаланушы аты мен құпия сөзіне активация жасалынды.
Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы №28 IT лицейі мен Ескелді ауданы М.Маметова атындағы орта мектебінің биология пәні педагогтері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен «Иммундық патруль» оқу модулін оқу процесінде пайдалану бойынша пилоттық жобасын іске асыру жоспарын талқылау мақсатында республикалық семинарға қатысты