Арнайы түзету-дамыту бағыты бойынша жеке, топтық бағдарламаларын құрастыратын, тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізетін педагогтерді анықтап, озат тәжірибені тарату мақсатында «Әдістемелік сандықша» облыстық байқауы өтті. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері, педагог-психологтері, әлеуметтік педагогтері қатысты
«1000 мектепке әдістемелік қолдау» жобасы аясында ұйымдастырылған өңіраралық семинардың 4 секциясында қатысушылар мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау, мектепішілік бақылауды жүргізудің жаңа амалдары тақырыптарында шеберлік сағатына қатысып, аналитикалық талдауды жүргізу туралы пікір алмасты.
«1000 мектепке әдістемелік қолдау» жобасы аясында ұйымдастырылған «Білім сапасын мониторингілеу — мектепішілік бақылаудың тиімді құралы» тақырыбындағы өңіраралық семинар барысында секция жұмысы өтті. Қатысушылар оқу процесінің сапасын бақылау, «0» кесіндіні талдау, білімдегі олқылықтардың орнын толтыру, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты үйлестіру бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында «1000 мектепке әдістемелік қолдау» жобасы аясында мектеп басшыларын әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу мақсатында «Білім сапасын мониторингілеу — мектепішілік бақылаудың тиімді құралы» тақырыбында өңіраралық семинар өтті. Аталған шараға Алматы, Жетісу облыстарынан 200 мектеп директоры қатысуда.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Құндылықтар арқылы тәрбие процесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Талдықорған қаласы, «Кешкі (ауысымды) мектеп» сынып жетекшілеріне оқыту семинары өткізілді.
«Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары» облыстық семинар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБКДИ Жетісу облысы бойынша өкілідігімен бірлескен «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Шараға бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
«Жас педагог-психолог мектебі» жобасы аясында Ескелді ауданы Қаратал орта мектеп базасында «Жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу жұмыстары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шараға Көксу ауданы, Текелі қаласының «Сенім» ассоциация мүшелері және аудан, қала бойынша педагог-психологтерге жауапты әдіскерлер қатысты.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Құндылықтар арқылы тәрбие процесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Ескелді ауданы бойынша білім беру ұйымдарының сынып жетекшілеріне оқыту семинары өткізілді.
Әдістемелік орталық жанынан құрылған мобильді топ мүшелері Ескелді ауданы, «Алақай» балабақшасының ұжымына мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламасын іске асыруда әдістемелік көмек көрсетті.
Талдықорған қаласы №14 орта мектеп гимназиясында «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ:ТӘЖІРИБЕ.МӘСЕЛЕЛЕР» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Аталған шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.