ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРІ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ Еліміз бойынша өткізілген «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Бүгін Астанада Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы жеңімпаздарға салтанатты түрде марапаттарын табыстады. Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Естибаева Эльмира Даулетқызы өз ісінің үздігі болып танылып, «Үздік педагог-2024» төсбелгісімен марапатталды. Эльмира Даулетқызын шын…
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының оқу- өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Әлеуметтік әріптестік — білікті маман даярлаудың кепілі» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті.
Құзыреттілік орталықтары мен мобильді топтардың қызметіне байланысты «Құзыреттілік орталықтары: тәжірибе, инновация, перспективалар» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педогогтеріне арналған Өскемен қаласында семинар өтуде. Аталған семинарға Жетісу облысының педагогтері қатысуда.
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыруда Кербұлақ, Көксу, Қаратал аудандары мен Текелі қаласының мақсатты мектептері және «Мектептегі PISA» зерттеуіне қатысатын мектептердің физика, биология, химия, география пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында жаратылыстану ғылымдарының жаңа талаптары мен бағыттары бойынша ұйымдастырылған «PISA 2025 жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша құзыреттер қалыптастыру» атты практикалық семинар өтті.
Мектеп басшыларының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін дамыту, басқарушылық идеялары мен шығармашылық белсенділігін анықтау және қолдау мақсатында Талдықорған қаласындағы №125 High Shool бірлесіп, мектеп директорлары арасында облыстық дебат турнирі өтуде.
Алматыкітап баспасының Top IQ платформасына тіркелген мектептерге авторизация түрін (Логин және құпиясөз) өзгерту және жаңадан қосылған Qamqor жасанды интеллект батырмасы, ҰБТ дайындық тренажерының жұмысы бойынша түсіндірме жұмысы өтті. Вебинарға Талдықорған , Текелі, Көксу, Саркан, Панфилов аудандарының педагогтары қатысты
Ағымдағы жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Кербұлақ және Панфилов аудандарының білім беру ұйымдарына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ұстаздар күніне орай Ақордада өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алакөл ауданы Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығының директоры Уалиева Асия Уалиқызын «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісімен марапаттады. МАРАПАТЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ағымдағы жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Кербұлақ және Панфилов аудандарының білім беру ұйымдарына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
«Ата-аналарды оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбында өткен республикалық оқыту семинарында Панфилов ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры Р.Баякеева «Ата-аналарды педагикалық қолдау орталығы» қызметі бойынша мектеп тәжірибесімен бөлісті.