Республикалық семинар-практикум
Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесіне тартудың пәрменді практикасы» атты республикалық семинар-практикум өткізілді. Шара барысында Талдықорған қ. № 12 «Байтерек» бөбекжайының меңгерушісі Омарова Алмагүл Нұрахметқызы «Цифрлық ресурстарды қолдану арқылы отбасымен жұмысты тиімді ұйымдастыру» тақырыбында балабақша мен ата-аналар арасындағы бірлескен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.