Ағымдағы жылдың 15-16 қарашасы күндері Алматы қаласында «Барлығына қолжетімді сапалы білім алуға қол жеткізу» тақырыбындағы EdCrunch Х жаһандық конференциясына Жетісу облысынан делегаттар қатысуда.
Ақсу, Ескелді және Көксу аудандарының информатика пәні мұғалімдеріне робототехника және Stem кабинеттерін пайдалануда әдістемелік көмек көрсетілді.
«Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңінде Жетісу облысының педагогтері Астана қаласында сабақ өткізіп, тәжірибелерімен бөлісуде.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық практикадан өтуге дайындық мақсатында университет базасында «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3,4 курс студенттеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
2023 — 2026 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бірлескен кешенді жоспарды құру мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен әдістемелік көмек берілді
Орталық әдіскерлерімен «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы талқыланды.
Талдықорған қаласының мектептерінде PISA зерттеуі негізінде мектептерге арналған тестілеу өтуде.
«Жас педагог-психолог мектебі» жобасы аясында «Жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу жұмыстары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының психологтары қатысты.
Талдықорған қаласының бастауыш сынып мұғалімдері республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысуда.
Каникулдық мектеп аясында Талдықорған қаласы Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының базасында мектеп-интернат тәрбиешілері мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына “Ата-ана-оқушы-ұстаз арасындағы жақсы қарым-қатынастың маңыздылығы” тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтті