Көксу ауданы М.Құрманов атандағы №2 орта мектеп базасында А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Пушкин оқулары» өтті. Байқауға түрлі тақырыптық номинациялар бойынша ауданнан 75 оқушы қатысты, «Пушкин оқулары» – аудан мектептер үшін айтулы оқиға.
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру шеңберінде құзіреттілік орталық Көксу ауданы Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп — гимназиясы педагогтері «Білім сапасы: тәжірибе, ізденіс, нәтиже» тақырыбында өткен аймақтық семинарда тәжірибелерімен бөлісті.
Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал аудандарының мектеп директорлары мен пән мұғалімдеріне «BilimLand» компаниясымен бірлескен «Onlinemektep.org» платформасы бойынша тренинг өтіп, аталған шараға 300-ге жуық облыс педагогтері қатысты.
«Баршаға қолжетімді және сапалы білім беру» Ұлттық баяндамасының жол картасын жүзеге асыру мақсатында Жетісу облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасынан тірек колледждердің жылдық жоспарын құруға арналған облыстық семинар өтті.
Ақсу ауданы Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің базасында химия, биология және физика сабақтарында модификациялық кабинеттердің мүмкіндіктері мен зертханалық жұмыстарды жүргізудің тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Химия, биология және физика пәндерінде зертханалық жұмыстарды өткізуде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Физика пәні мұғалімдерімен функционалдық сауаттылығын арттыруда «Оқу мақсаттары бойынша тапсырмаларды тиімді ұсыну жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді. Шара барысында «Жаңа форматтағы мәтіндік есептерді талдау және шығару жолдары» тақырыбында есептердің мәнмәтіні ұсынылып, шешу жолдары талқыланды.
Химия-биология сабағында модификациялық кабинеттердің мүмкіндіктері мен зертханалық жұмыстарды жүргізудің тиімді жолдарын тәжірибеде ұсыну мақсатында «Химия-биология пәндерінде зертханалық жұмыстарды өткізуде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Физика пәні мұғалімдерімен функционалдық сауаттылығын арттыруда «Оқу мақсаттары бойынша тапсырмаларды тиімді ұсыну жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді. Шара барысында «Тереңдетілген физика курсының күрделі есептерін шығару әдістемесі» тақырыбында функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмалардың контексті беріліп, шешу жолдары талқыланды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында еңбек өтілі 5 жылға дейінгі сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге арналған «TED Talks» алаңы өткізілді. Алаңға қатысушылар тәрбие жұмысындағы өздерінің таратуға лайықты идеяларымен TED форматында бөлісті.
Талдықорған қаласы мектептерінің директорлары мен пән мұғалімдеріне «BilimLand» компаниясымен бірлескен «Onlinemektep.org» платформасы бойынша тренинг өтіп, аталған шараға 70-тен аса облыс педагогі қатысты.