«Қазіргі жағдайда педагог—психолог пен әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметі» тақырыбындағы республикалық семинарына Жетісу облысының педагог—психологтері қатысуда.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Құндылықтар арқылы тәрбие процесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Ақсу ауданы бойынша білім беру ұйымдарының сынып жетекшілеріне күзгі каникул мектебі өткізілді.
Облыстық әдістемелік орталығы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында Талдықорған қаласы № 17 орта мектеп базасында облыстық «Үздік психолог» байқауын өткізді. Байқау жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды
Құрметті Қазақ елі! Сіздерді келе жатқан Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз
ҚР Оқу ағарту министрлігінің сайтында Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» орналастырылды. Бағдарламамен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/…/edu/documents/details/539827…
Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен өткен «Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-дамытушы ортаны құру» республикалық вебинарда Қаратал ауданы, «Балбөбек» балабақшасы құзыреттілік орталығының меңгерушісі М. Наренбаева «STEAM-балабақшада заттық-дамытушы орта құрудың басты құралы» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Әдістемелік жиында орталық әдіскерлерімен ағымдағы жылы «Мектепке арналған PISA» зерттеуіне қатысатын білім беру ұйымдарының дайындық жұмыстары талқыланды.
Талдықорған қаласының облыстық №1 «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінің педагогтері мен әкімшілігіне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Шара барысында облыстық әдістемелік орталық әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» мен мектепішілік бақылауды тиімді жоспарлау жолдарын түсіндіріп, бағыт-бағдар берді.
ЖАС ПЕДАГОГТЕР МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ!!!! Панфилов ауданының жас педагогтеріне пәндік құзыреттілікті арттыру мақсатында оқыту семинары өтуде
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері басшылары мен әдіскерлеріне арналған “Ерте жастағы балаларды жан-жақты зерттеу жүйесінде денсаулық шектелуінің халықаралық жіктемесін қолдану ерекшеліктері” тақырыбында облыстық семинар өтті