Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 8 қарашасында Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде кәсіби қолдау көрсету, озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді анықтау және тарату мақсатында мектеп басшыларына «Заманауи мектепті басқару: көзделген нәтижелер мен іске асыру тетіктері» тақырыбында республикалық форумы өтті. Форумның пленарлық жұмысына Қазақстан Республикасы…
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 31 қазан-1 қараша күндері Талдықорған қаласында педагогтардың құзыреттіліктерін арттыруда әдістемелік қолдау көрсету, озық тәжірибелерді анықтау, тарату мақсатында «Математикалық білім беру сапасын арттыру мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық форумда Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Майра Утегенқызы Акбанбаева өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, Жетісу облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Алматыкітап баспасының Top IQ платформасына тіркелген мектептерге авторизация түрін (Логин және құпиясөз) өзгерту және жаңадан қосылған Qamqor жасанды интеллект батырмасы, ҰБТ дайындық тренажерының жұмысы бойынша түсіндірме жұмысы өтті.
“Математикалық білім беру сапасын арттыру мәселелері” тақырыбындағы республикалық форум өтуде
Жетісу облысы Әдістемелік орталығы 2024 жылдың 30 қазанында Талдықорған қаласы, №17 орта мектеп базасында «Ақпараттық-бағдарламалық кешенінің мүмкіндіктері» атты оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына мектептердің ақпараттық-бағдарламалық кешенге жауапты мамандары қатысты.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!’!Бүгін білім басқармасы басшысы М.Сүлейменов жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін К.Тоқаев ОМ директоры Ляззат Саркытбаевнаны Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрінің Алғыс хатымен, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Нұрзия Тұрғанбекқызын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады.
Педагогикалық тәжірибе негіздері: сабақты жоспарлау, саралау және бағалау әдістерін меңгеру мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған каникулдық мектеп жұмысы өтуде.
Бүгін білім басқармасы басшысы М.Сүлейменов облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Эльвира Тұрсынбекқызы Досаеваны жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады. Эльвира Тұрсынбекқызын шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Панфилов ауданы орта білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері мен логопедтеріне психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсетілді.
ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРІ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ Еліміз бойынша өткізілген «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Бүгін Астанада Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы жеңімпаздарға салтанатты түрде марапаттарын табыстады. Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Естибаева Эльмира Даулетқызы өз ісінің үздігі болып танылып, «Үздік педагог-2024» төсбелгісімен марапатталды. Эльмира Даулетқызын шын…