Жетісу облысының делегациясы Астана қаласында өтетін «Білім — тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы» атты республикалық педагогтер съезі аясында «Spectrum» халықаралық мектебімен тәжірибе алмасуда
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында Талдықорған қаласындағы №42 балабақша құзыреттілік орталығының педагогтерімен кездесу
Жетісу облысының делегациясы алғаш рет Астана қаласында өтетін «Білім — тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы» атты республикалық педагогтер съезі аясында «Astana Garden School» жалпы орта білім беру мектебінің жұмысымен танысты
Мемлекеттік аттестаттау бойынша Ескелді ауданы Жаңалық негізгі мектебінің мемлекеттік аттестаттау кезінде өзін-өзі бағалау бойынша құжаттары қаралып әдiстемелiк көмек көрсетiлдi.
«1000 мектеп» жобасын іске асыруда Ақсу, Ескелді, Сарқан, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының білім беру ұйымдарына жауапты менторлар әдістемелік көмек көрсетуде.
Жетісу облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 3 қазанында «Үздік сынып жетекшісі — 2023» байқауы өтті. Оқушылардың жеке басының қалыптасуымен дамуына жағдай жасауда, ата — аналармен өзара байланыс орнату және оларды оқу мен тәрбие процесіне тартуда өзіндік жаңашыл идеясы бар шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілерді анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар…
Әдістемелік жиында Жетісу облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлескен «1000 мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде білім алушылардың білім жетістіктерінің деңгейін арттыруға бағытталған іс-шара жоспары талқыланды.
2023 жылдың 29-қыркүйек күні Талдықорған аграрлық технологиялық колледж базасында «Тамақ өнімдерін өндіру», «Қонақ үй қызметі, мейрамханалар және тамақтану» салалары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының шығармашыл педагогтерін анықтау және қолдау көрсету мақсатында облыстық «Нан, макарон және кондитер өндірісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқаудың нәтижесінде жеңімпаздар арнайы дипломдармен, қатысушылар…
Облыстық «Интернет және жергілікті желі» тақырыбындағы оқыту семинарында ақпараттық технология мамандары мен информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Жетісу облыстық білім басқармасы 2023 жылдың 28 қыркүйегінде облыс Әкімінің қолдауымен «Жетісу ұстазы» байқауының облыстық кезеңін өткізді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін арттыратын ерекше тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Байқаудың бірінші кезеңі Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп-гимназиясы базасында…