Химия, физика, биология пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттерінің мүмкіндіктері» атты облыстық оқыту семинары өтті
«Айналайын» қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының педагогтеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетілді. Шара барысында орталық әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» мен мектепшілік бақылауды тиімді жоспарлау жолдары түсіндіріліп, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және арнайы мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.
Жетісу облысы Білім басқармасының 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білімінің орнықты дамуы үшін сапалы білімінің қолжетімділігін қамтамасыз ете білетін үздік колледжді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында 2023 жылдың 26 қыркүйегінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы — 2023» атты облыстық байқау Талдықорған индустриялық колледжінің базасында …
«Биоақпараттану және синергетика» технологиясының авторы Ф.Вассерман жоба аясында жұмыс жасап отырған мектептерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей интернаты базасында мектепiшiлiк бақылау жұмыс жоспарына және ұлттық бiлiм беру деректер қоры бойынша әдiстемелiк көмек көрсетiлдi
Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының педагогтеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетілді. Шара барысында орталық әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» мен мектепшілік бақылауды тиімді жоспарлау жолдары түсіндірілді.
Ұлттық білім беру деректер қоры жұмыс жүйесінің ерекшеліктеріне техникалық қолдау корсету бойынша түсіндірме жұмысы өтті.
«Интерактивті мектеп» жобасы аясында құрылған мектеп сайттарына арнайы бөлім ретінде «Балалар кітапханасы», «kitaphana.edu.kz», «Педагогикалық сандық кітапхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін қосудың түсіндірме жұмысы өтті.
«Үздік балабақша-2023»
Мектепке дейінгі ұйымдардың жаңашыл үлгісін анықтау, озат педагогикалық тәжірибені тарату, насихаттау, педагогикалық бастамаларды қолдау мақсатында «Үздік балабақша-2023» облыстық байқауы өтті.
Оқыту семинары
«Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде ресурстық орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында Кербұлақ ауданының орта білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.