«Bilim Land» компаниясы Қаратал, Ақсу аудандарының мектеп басшылары мен пән мұғалімдеріне «Bilim Land цифрлық ресурсының мүмкіндігі және оны тиімді пайдалану» тақырыбында вебинар өткізді.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының педагогтеріне мектепішілік бақылауды тиімді жоспарлау, біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары, орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметінің жүргізілу жөнінде әдістемелік көмек көрсетілді.
«Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде ресурстық орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында Ескелді, Көксу аудандары, Текелі қаласы орта білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Облыстық мамандандырылған мекеме басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған жоспар құрастыру жөнінде әдістемелік көмек көрсетілді.
Ескелді, Алакөл, Сарқан аудандары мен Текелі қаласының мектеп басшыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Мектепшілік бақылауды тиімді жоспарлау» тақырыбында практикалық семинар өтуде.
Талдықорған сервис және технология колледжі базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында психологиялық қызметінің жүргізілу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
5-9 сыныптарға арналған «Жаһандық құзыреттер» курсы барысында оқу құралының авторы Т.С.Игликов курстың негізгі мақсат міндеттерін атап өтіп, 2023-2024 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктеріне тоқталды. Автор сабақ өткізудің тиімді әдістерімен таныстырып, «Медиасауаттылық. Қаржылық сауаттылық» юнитінен гайдын ұсынды.
10—29 тамыз аралығында «Білім беру ұйымы жағдайындағы педагог-психологтің қызметі» тақырыбында Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары, Талдықорған Текелі қалаларының педагог—психологтерімен оқыту семинары өтті
#Біртұтас_тәрбие
25 тамыз күні Жетісу облысы білім басқармасы мен Облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен Қаратал ауданы мен Талдықорған қаласының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арнап «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» атты семинар өтті. Шара барысында 2023-2024 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен негізгі бағыттары бойынша мәселер талқыланды. #Біртұтас_тәрбие
Білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіп
2023 жылдың 25 тамыз күні «Білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіп» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті. Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Әбілмәжінов Тимур Темірғалиұлы білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіптің өзектілігі жөнінде ой қозғады. Жиынға 500 ден астам педагог…