Жетісу облысының білім басқармасы «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» атты Республикалық тамыз конференциясы аясында 2023 жылғы 24-25 тамыз күндері Талдықорған қаласында «Білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіп» тақырыбында басқарма басшыларының орынбасарларына, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшыларына, мамандары, мектеп директорларына, есепшілеріне секция жұмыстары өткізілді.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ЖҰМЫСТАРЫ
Панельдік сессия жұмысы барысында 5 тәжірибелік алаң жұмыс жасады. 1. Қаржылық – құқықтық тәртіп (басқарма басшыларының орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдары басшылары, мектеп директорлары, есепшілер). 2. Білім саласында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы (басқарма басшыларының орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдары басшылары, мектеп директорлары, есепшілер). 3….
Read More “ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ЖҰМЫСТАРЫ” »
15-16 тамыз күндері Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Оқу-ағарту министрілігінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарындағы тәрбие мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» атты семинар өтуде. Шара барысында 2023-2024 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен негізгі бағыттары бойынша мәселер талқылануда.
Мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Панфилов ауданы, «Балдырған» балабақшасына әдістемелік көмек көрсетілді.
Білім беруді дамытудың жаңа векторы: стратегиялар мен перспективалар
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен Павлодар облысы білім басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының тәжірибе бөлісу аясында 2023 жылдың 3-4 тамызда өтудегі «Білім беруді дамытудың жаңа векторы: стратегиялар мен перспективалар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына Жетісу облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Э.Досаева қатысып, тәжірибе бөлісуде.
Сарапшылар тобымен орта білім беру ұйымдарында 2023 — 2024 оқу жылының ұзақтығын талқылау
2023 жылғы 18-19 шілдесінде Алматы қаласында «ТжКББ жүйесін кешенді дамыту бойынша үздік тәжірибе» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинарға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың өкілдері , техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшының орынбасарлары қатысты. Семинар мақсаты- Алматы қаласы ТжКББ жүйесінің қызметі бойынша тәжірибесін жалпылау және тарату. Атаулы семинарда…
Орталық әдіскерлері Солтүстік Қазақстан облысы әдістемелік орталығының үздік тәжірибесін тарату онлайн семинарына қатысты
Орталық әдіскерлері педагогтерді әдістемелік қолдау, функционалдық сауаттылықты арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, ауыл мектептері мен ШЖМ-ді қолдау, психологиялық қызметтерді дамыту, тәрбие және қосымша білім беру бойынша Астана қаласының әдістемелік орталығының тәжірибесімен танысты.
Орталық әдіскерлері Қостанай облысы әдістемелік орталығының тәжірибесін тарату онлайн семинарына қатысуда