Алтынсарин академиясының сайтында «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттың ЖОБАСЫ ұсынылды. Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/2
География пәнінде туристік-өлкетанушылық, далалық зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру
Жергілікті жер негізінде топографиялық — картографиялық далалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің тиімді әдістерін танып білу мақсатында «География пәнінде туристік-өлкетанушылық, далалық зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.
2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы
2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы
Дәнекерлеу ісі
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Талдықорған индустриалдық колледжінің базасында «Дәнекерлеу ісі» саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жасанды интеллект құралдарын қолдану
Жетісу облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы 2023 жылдың 23 мамыр күні Талдықорған қаласы Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп базасында оқу процесінде цифрлық педагогиканы қосымша ретінде пайдалану мүмкіндіктермен таныстыру мақсатында «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жасанды интеллект құралдарын қолдану» атты облыстық оқыту семинары өтті.
Education шеберханасы
«Education шеберханасы» жобасы аясында Сарқан гуманитарлық колледж базасында колледж басшыларының оқу жұмысы және өндірістік-оқыту жұмысы жөніндегі орынбасарларына «Академиялық дербестік мүмкіндіктерінде оқу-әдістемелік және оқу-өндірістік басқару» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтті.
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АҚСУ, САРҚАН, АЛАКӨЛ АУДАНДАРЫНА БАРДЫ
Жұмыс сапарының екінші күнінің жоспарына сәйкес Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Министр Ақсу ауылындағы «Мамания» орта мектебіне, Сарқан ауданындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясына, Үшарал қаласы С.Иманасов атындағы орта мектебіне барып, аудандардың педагогтерімен кездесті.
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховпен және облыс әкімінің орынбасары Рустам Алиұлымен бірге білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы жиналыс өткізді. Жиналысқа 200-ге жуық білім беру ұйымдарының басшылары, бухгалтерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев…
Read More “Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” »
Оқу-ағарту министрі Қаратал ауданының педагогтерімен кездесті.
Оқу-ағарту министрі Қаратал ауданының педагогтерімен кездесті. Кездесу барысында болған педагогтердің ұсыныстары тыңдалып, толғандыратын мәселелері қаралды.
18 МАМЫР КҮНІ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ІС САПАРМЕН ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте Панфилов ауданының педагогтерімен кездесу өткізіп, ұстаздар қауымының сұрақтары мен ұсыныстарын талқылады. Сонымен қатар Х.Хамраев атындағы орта мектебінің материалдық-техникалық базасымен танысып, дабыл түймесінің жылдамдығын тексерді. Лесновка ауылындағы Д.Рақышұлы атындағы орта мектебінің жағдайын көріп қайтты.