TIMSS тапсырмалары арқылы оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын арттыру
Педагогтердің жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған халықаралық зерттеу тапсырмаларын оқу үрдісінде қолдану мақсатында «TIMSS тапсырмалары арқылы оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында Ақсу, Сарқан аудандарының география, физика, химия, биология пәндері мұғалімдеріне шебер-сынып алаңдары өткізілді. Шебер-сынып алаңдарында облысымыздың «Үздік педагог» конкурсының әр жылдардағы грант иегерлері Б.Молбаев, Ә.Сәулетхан, Д.Муталив тәжірибелерімен бөлісті.