Каникулдық мектеп
Каникулдық мектеп аясында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда ICILS халықаралық зерттеуге тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне вебинар өткізілді.
Каникулдық мектеп аясында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда ICILS халықаралық зерттеуге тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне вебинар өткізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Рустам Али «Республикалық «Үздік педагог» конкурсының грант иегерлерін, республикалық кезеңінің қатысушыларын марапаттап, Жетісу өлкесінің білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
«Сәтті қадам» жобасы аясында жалпы орта білім беретін мектептердің педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Сарқан, Ақсу аудандарының мектеп психологтарымен «Аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау, алдын алу жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік десант өтті.
Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесіне тартудың пәрменді практикасы» атты республикалық семинар-практикум өткізілді. Шара барысында Талдықорған қ. № 12 «Байтерек» бөбекжайының меңгерушісі Омарова Алмагүл Нұрахметқызы «Цифрлық ресурстарды қолдану арқылы отбасымен жұмысты тиімді ұйымдастыру» тақырыбында балабақша мен ата-аналар арасындағы бірлескен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Орталық әдіскерлері «Stem-academia» ЖШС тарапынан ұйымдастырған ROQED бағдарламасы туралы түсіндірме жұмысына қатысты
Тәрбие процесін ұйымдастыруда сынып жетекшісінің белсенділігін арттыру мақсатында «Сыныптағы тәрбие жүйесі және сынып жетекшісінің рөлі» тақырыбында аймақтық вебинар өтті. Шара барысында сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері ұсынылды.
Мұғалімнің жоғары шығармашылық әлеуетін арттыруда педагогтерге әдістемелік бағыт беру, өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында «Мұғалімнің жоғары шығармашылық әлеуеті негізінде білім сапасын жақсарту» тақырыбындағы аймақтық семинар – практикум өтті.
Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған іс әрекетті жақсартуда балабақша педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Ақсу ауданы мектеп директорларына практикалық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мектептің білім сапасын басқаруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық құжаттардың маңыздылығы түсіндіріліп, мектепішілік бақылауды жоспарлауда әдістемелік көмек көрсетілді.
Талдықорған қаласының орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне оқу-тәрбие процесін жақсартуда әдістемелік көмек көрсетілді.