Физика пәнінен PISA халықаралық зерттеулері тапсырмаларын білім алушыларға ұсыну әдістемелері
Білім алушыларды халықаралық PISA зерттеуіне дайындау, ғылыми- жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуде «Физика пәнінен PISA халықаралық зерттеулері тапсырмаларын оқушыларға ұсыну әдістемелері» тақырыбында тәжірибе тарату вебинары өтті. Аталған шарада «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері, «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Н.Жакыпова және…