Педагогтердің кәсіби қызметінде «Lesson study» тәсілін қолдану бойынша диалог алаңын құру мақсатында Талдықорған қаласы, №29 орта мектеп-лицейінің базасында «Сабақты зерттеу (Lesson Study) мектептердің тәжірибесі» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
«Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен «География» оқулығының авторларымен кездесу өтіп, аталған шараға 70-тен аса облыс педагогтері қатысты.
Орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері «Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылына арналған орыс тілінде оқытпайтын мектептердің 3-сыныбына арналған «Орыс тілі» оқулығының авторларымен өткен онлайн кездесуге қатысты. Шара барысында мұғалімдер баспа платформасындағы оқулықтың электронды нұсқасымен танысты.
«Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен «Сандық сауаттылық», «Информатика» оқулықтарының авторларымен кездесу өтіп, аталған шараға 100-ден аса облыс педагогтері қатысты.
География пәнін оқытуда электронды білім беру ресурстарын қолданудың тиімді әдістерін ұсыну мақсатында «География пәнін оқытуда электронды білім беру ресурстарын тиімді пайдалану» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.
Биология пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқу мақсаттары бойынша тапсырмаларды тиімді ұсыну жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді. Шара барысында «Молекулалық биология мен биохимия» және «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрлымы мен қызметтері. Ағза мен қоршаған орта» тақырыптарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылық тапсырмаларын құру тәсілдері ұсынылды.
Панфилов ауданы мен Текелі қаласының мектеп директорларына, пән мұғалімдеріне «BilimLand» компаниясымен бірлескен «Onlinemektep.org» платформасы бойынша тренинг өтіп, аталған шараға 200-ден аса облыс педагогтері қатысты.
Көксу ауданы М.Құрманов атандағы №2 орта мектеп базасында А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Пушкин оқулары» өтті. Байқауға түрлі тақырыптық номинациялар бойынша ауданнан 75 оқушы қатысты, «Пушкин оқулары» – аудан мектептер үшін айтулы оқиға.
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру шеңберінде құзіреттілік орталық Көксу ауданы Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп — гимназиясы педагогтері «Білім сапасы: тәжірибе, ізденіс, нәтиже» тақырыбында өткен аймақтық семинарда тәжірибелерімен бөлісті.
Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал аудандарының мектеп директорлары мен пән мұғалімдеріне «BilimLand» компаниясымен бірлескен «Onlinemektep.org» платформасы бойынша тренинг өтіп, аталған шараға 300-ге жуық облыс педагогтері қатысты.