«Kundelik.kz» ЖШС компаниясымен бірлескен «Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру процесін автоматтандыру» атты оқыту вебинары өтіп, аталған шараға 300-ден астам педагог қатысты.
2024 жылдың 05 сәуірінде Талдықорған қаласындағы №17 орта мектеп базасында мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау мақсатында облыстық «Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға облысымыздың жалпы орта білім беру ұйымдарының жас мамандары өз тәлімгерлерімен қатысып, ықшам сабақ, шебер-класс, шағын тренинг және ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды….
«Табысты мектеп» жобасы аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Табысты мектеп–сапалы білім беру кепілі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шарада Кербұлақ ауданы, Сарыөзек орта мектебі педагогтерінің тәжірибесі таратылды.
Каникулдық мектеп аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру жолдары» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған облыстық семинар өтті.
Каникулдық мектеп аясында Ақсу, Қаратал аудандары орта білім беру ұйымдарының жауапты мамандарына «Ұлттық білім беру деректер қорының жұмыс жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.
Каникулдық мектеп аясында «Оқу-тәрбие процессін жетілдіруде іс-құжаттарды тиімді жүргізу жолдары» тақырыбында мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарларына облыстық вебинар өткізілді.
Авторлық бағдарлама дайындау тәртібі бойынша әдістемелік көмек беру мақсатында «Табысты мектеп» жобасына тіркелген мектеп педагогтеріне «Авторлық бағдарламаны құрастырудағы басты принциптер» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталған шарада № 20 мамандырылған лицейінің тарих пәні мұғалімі Г.Жуаспаеваның іс-тәжірибесі таратылды.
Ақсу мен Сарқан аудандарының жалпы орта білім беру ұйымдарының ақпараттық технология мамандары мен информатика пәні мұғалімдеріне «Kundelik.kz жүйесіндегі белсенділік» тақырыбында оқыту вебинары өтті.
Жетісу облысы әдістемелік орталығының делегациясы Астана қаласында өтіп жатқан «ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ: КӨЗДЕЛГЕН НӘТИЖЕЛЕР МЕН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ» тақырыбындағы республикалық семинарға қатысуда.
Каникулдық мектеп аясында «Білім аушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша қиындық туғызған мақсаттармен жұмыс жүргізу және TIMSS тапсырмаларын сабақта қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында химия пәні мұғалімдеріне семинар өткізілді.