«Білім беру жүйесін дамыту: тәжірибелер, мәселелер, шешу жолдары» конференция жұмысы секция отырыстарымен жалғасты. Конференция қатысушылары мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту, әдістемелік қызметті жетілдіру, мектепішілік бақылауды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті өткізген жиында орталық директоры Г.Мухметова «1000 мектепке әдістемелік қолдау» жобасы аясында мектепішілік бақылауды іске асыру туралы тәжірибесімен бөлісті.
Педагогикалық тәжірибе өту кезінде ЖОО түлектеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті педагогика және психология жоғары мектебінің «Педагогика және психология», «Арнайы педагогика» мамандықтарының 3, 4 курс студенттеріне арналған «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім: теориядан практикаға дейін» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру, оны дамытуға бағытталған озық тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Табысты басшы» жобасы аясында «Білім беру жүйесін дамыту: тәжірибелер, мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында мектеп директорлары, мектеп директорының оқу, әдістемелік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған конференция өтті.
Каникулдық мектеп аясында Алакөл, Ақсу, Сарқан және Панфилов аудандары білім беру ұйымдарының арнайы педагог-логопедтеріне «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында «Демеу» ассоциациясымен бірлескен оқыту вебинары өтті.
Каникулдық мектеп шеңберінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерге «Развитие медиа грамотности на уроках русского языка и литературы» атты облыстық вебинар өткізілді. Іс-шара өту кезінде «Лучшая русская школа за рубежом» халықаралық байқауының лауреаты, Сарқан ауданы Абай атындағы ОМГ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Н.Максименко «Развитие медиа грамотности на уроках русского языка и литературы» тақырыбында…
Каникулдық мектеп аясында Сарқан ауданы Ақын Сара атындағы орта мектеп базасында «Аутодеструктивті мінез құлықты балалармен тиімді жұмыс жүргізу» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтерімен семинар-практикум өтті.
Каникулдық мектеп аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: кешенді жоспар индикаторларын іске асыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің жас ғалымдарымен бірлескен семинары өтті.
2024 жылдың 5 қаңтарында Талдықорған қаласы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру мақсатында облыстық «Алтын тұғыр» олимпиадасы өтті. Аталған шараға 132 мұғалім қатысты.