Ағымдағы жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Кербұлақ және Панфилов аудандарының білім беру ұйымдарына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
«Ата-аналарды оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбында өткен республикалық оқыту семинарында Панфилов ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры Р.Баякеева «Ата-аналарды педагикалық қолдау орталығы» қызметі бойынша мектеп тәжірибесімен бөлісті.
Алматыкітап баспасының Top IQ платформасына тіркелген мектептерге авторизация түрін (Логин және құпиясөз) өзгерту және жаңадан қосылған Qamqor жасанды интеллект батырмасы, ҰБТ дайындық тренажерының жұмысы бойынша түсіндірме жұмысы өтті. Шараға Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал және Кербұлақ аудандарының педагогтары қатысты.
Мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» атты байқауының облыстық кезеңі өтті
Мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» атты байқауының облыстық кезеңі өтті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Республикалық «Үздік сынып жетекші» байқауында жүлделі 2 орынды Талдықорған қаласы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Керимбекова Бакыт Ергазыновна иеленді
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» конкурсында 1 орын иеленген Талдықорған қаласы №1 ОПМПК тифлопедагогі Касымбекова Гаухар Сарсембековнаны құттықтаймыз!
Алматыкітап баспасының Top IQ платформасына тіркелген мектептерге авторизация түрін (Логин және құпиясөз) өзгерту бойынша түсіндірме жұмысы өтті.
«Отбасым-Мақтанышым» республикалық науқаны. Панфилов ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектебінің ата-аналары мен оқушылары республикалық науқанға белсенді түрде қатысуда. Науқан 2024 жылдың 12 қыркүйек — 16 қыркүйек аралығында отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қолдау арқылы мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуін нығайту, позитивті ата-ана мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында өтуде.
«943-мақсатты мектептерді дамыту» жобасы: мектептерге әдістемелік қолдау» Білім беру саласында сапалы және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету мақсатында облысымызда «943-мақсатты мектептерді дамыту» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясындағы шаралар оқушылардың білім деңгейін көтеруге және мектептердің жалпы көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді. Аталған бастама білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа қадам.