Халықаралық зерттеуге қатысатын жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының география, химия, биология және физика пәндері мұғалімдеріне «Жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді.
Халықаралық зерттеуге қатысатын жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті, математика пәндері мұғалімдеріне «Халықаралық зерттеулер контекстінде функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді.
Оқу үдерісін тиімді басқару және оқытудың инновациялық әдістерін қолдану мақсатында «Мұғалім тәжірибесіндегі жасанды интеллект» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті.
ТжКББ ұйымдарының басшылары мен әдіскерлеріне педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Талдықорған қаласындағы №5 Ясли-бақшасы базасында қарым-қатынас бұзылысы бар балаларға сөйлеуді үйрету әдістерін қолдануда тәжірибе алмасу мақсатында «Jasper»-әдістемесі арқылы сөйлесуді үйрену: қарым-қатынас бұзылысы бар балаларға қалай көмектесуге болады» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымның психологі, логопеді, арнайы педагогі мен тәрбиешілерге арналған семинар өтті.
Талдықорған қаласы, №27 орта мектеп – гимназиясы базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен бірлескен TIMSS тапсырмаларын ұсыну арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бастауыш сынып педагогтеріне «Математика бойынша TIMSS тест тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен «Bilim Land» ЖШС Bilim Kids.kz-пен «Мектепке дейінгі білім беруді цифрландыру: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында вебинар өтті.
Жетісу облысының әдістемелік орталығы BilimClass компаниясының мамандарымен бірлесіп, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында вебинар ұйымдастырды. Вебинарға тірек және шағын жинақты мектеп педагогтері, сондай-ақ «Цифрлық мұғалім» жобасына тартылған мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында BilimClass платформасында онлайн сабақ өткізу әдістері мен мүмкіндіктері қарастырылды.
Озық тәжірибелер арқылы педагогтердің пәндік құзыретін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатында «Табысты оқыту — озық тәжірибелер нәтижесі» атты семинар-практикум өтті. Шара барысында Гиннесс рекордтар кітабына енген математика пәні мұғалімі Муаммер Гюль өз тәжірибесімен бөлісті.
Жетісу облысы әдістемелік орталығы мен Bilimclass платформасының мамандарының ұйымдастыруымен аудандық және қалалық әдістемелік орталықтардың жауапты әдіскерлеріне «Bilimclass электрондық журналындағы жаңартулар» тақырыбында вебинар өтті.