2021-2022 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында вебинар өтті. Аталған шарада оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қаматамасыз етудің нормативтік-құқықытық құжаттары, үлгілік оқу бағдарламалары, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, педагогтердің міндетті құжаттар тізбесі бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Орталық әдіскерлері кері байланыс орнатып, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді.