Шетел тілі пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында оқыту вебинарын өткізді. Вебинарда Алакөл ауданы Абай атындағы ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Абзалқызы, Іле ауданы №40 ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Жаналиева үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмін таныстырды (сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлау, оқу тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу әрекетін реттеу және т.б).