Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласында Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығын – «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу кезеңіне қатысу үшін еліміздің 10 үздік мұғалімін марапаттау рәсімін өткізді. Алматы облысы Сарқан ауданы №1 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Станкевич Татьяна Михайловна «Қазақстан мұғалімі 2021» ұлттық сыйлығының 10 үздік мұғалімнің қатарына еніп, Қазақстан Республикасынан «Әлем мұғалімі» халықаралық сыйлығының іріктеу кезеңіне жолдама алды. Станкевич Татьяна Михайловнаны облыс педагогтер атынан шын жүректен құттықтаймыз!