Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен бірлесіп, «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығын жыл сайын ұйымдастырады. Ағымдағы жылы «Samruk-Kazyna Trust» «Қазақстан мұғалімі» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл мектептері мен шағын қала мұғалімдері үшін әлеуметтік жобаларға әрқайсысы 1 миллион теңгені құрайтын 30 шағын грант конкурсын өткізуді қолдады. Аталған конкурста Алматы облысының ауыл мектептерінен 7 педагог қатысып, 1 000 000 теңге құрайтын шағын грант ұтып алды.
- Аманова Замира Арыстановна -Іле ауданы № 42 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
- Әуренбаева Торғын Төлегенқызы — Іле ауданы № 40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
- Баймуратова Зарема Маженовна — Жамбыл ауданы Ү.Кәрібаев атындағы орта мектебінің химия және биология пәндері мұғалімі
- Естибаева Эльмира Даулетовна — Ақсу ауданы Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
- Қаймұханов Асыл — Ақсу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі
- Сағымбекова Бақытгүл Советхановна -Ақсу ауданы Абай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
- Секлибаева Гулим Накысбековна — Еңбекшіқазақ ауданы, Қойшыбек орта мектебінің тарих, география пәндері мұғалімі
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!