Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2021-2022 оқу жылында «Әліппе» пәнінің енгізілуіне байланысты 1 сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында 21-22 қыркүйек күндері «Әліппені оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өткізуде. Вебинар жұмысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің жетекшісі «Әліппе» оқулығының авторы п.ғ.д., профессор Жұмабаева Әзия Елеупанқызы «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны, пәнінің оқыту аясы, әдістемелік қағидаттары, А.Байтұрсынов әдістемесінің «Әліппе» пәнінің оқу бағдарламасының мақсат-міндеттері мен күтілетін нәтижелерін айқындаудағы рөлі туралы танысытырылым жасап педагогтерға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.