Облыстық «Әдістемелік сандықша» байқауының жүлдегерлерінің іс тәжірибесін тарату мақсатында «Сенім» және «Демеу» ассоцацияларымен «Түзету-дамыту бағдарламасын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында вебинар-кеңес өткізілді. Вебинарда облыстық әдістемелік орталық әдіскерлері Д.Кыдыкенова, Т.Жанабекова авторлық бағдарламаны құруда қойылатын талаптар жайында толық мағлұмат берді. Қаратал ауданы Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің педагог-психологі Сагимбаева Алма Еламановна «Программа работы педагога-психолога с девочками-старшекласницами «Между нами, девочками», Ескелді ауданы Ж.Жакыпбаев атындағы орта мектебінің педагог-дефектологы Тесленко Татьяна Александровна «Составление авторской программы. Практическая часть» тақырыптарында авторлық бағдарламаларын таныстырды. Сонымен қатар, вебинарға қатысушылар алдын алу, кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстары бойынша өзара пікір алмасты.