Жаңартылған білім беру жағдайында CLIL әдісін қолдану арқылы педагогтедің шеберліктерін жетілдіру мақсатында «CLIL әдістемесі тәжірибеде» атты облыстық вебинар өтті. Вебинарда Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы З.Иванова CLIL әдістемесін қолдана отырып, арнайы пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде оқыту, Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы М.Оспанова білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, Ақсу политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Н.Жармуханбетова Clil әдістемесі бойынша сабақ материалдарын әзірлеуде өз тәжірибелерімен бөлісті.