1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешені бойынша «Оқыту үрдісінде электрондық қосымшаларды (CD диск, платформа) қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинар барысында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес «Арман-ПВ» баспасы әзірленіп ұсынған «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» оқулықтарының авторы Көпеева Гүлдана Амангелдіқызы 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны, жұмыс дәптері, электронды қосымшасын таныстырып, онлайн платформамен жұмыс жүргізу принципін көрсетті.