Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің ұйымдастыруымен «Білім сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында магниттік мектептерге «Сабақты зерттеу –педагогтің кәсіби шеберлігін дамыту жолы» тақырыбында вебинар өтті. Семинар барысында Талдықорған қаласындағы ПШО филиалы тренері сабақты зерттеу теориясына тоқталса, лицей ұстаздары сабақтың практикалық бөлімін тиімді ұсынды.