Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Болашақ» ассоциациясымен бірлескен «Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы балалардың театрландырылған әрекеттерін дамыту» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Мақсаты: Балабақшада сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы балалардың шығармашылық, танымдық әрекеттерін дамытуда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету. Іс-шара барысында Балқаш ауданы «Жасұлан» балалар-бақшасының тәрбиешісі Ғ.Сыдыкова, Ескелді ауданы «Айкүн» балалар-бақшасының тәрбиешісі Г.Оразбаева, Қаратал ауданы №25 балабақша тәрбиешісі Н.Кудекова, Талдықорған қаласы №12 «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері Б.Бикембаева мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыруда сюжеттік-рөлдік ойындардың тиімділігі, күннің екінші жартысында қазақ ақын жазушыларының әңгімелері арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы мен заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру әдістерін ұсынды.