«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеу режимі» жобасы аясында 2021 жылдың 15 қазанында Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицей мұғалімдері қазақ тілі, математика, география, ағылшын тілі, денешынықтыру пәндерінен зерттеу сабақтарының бірінші айналымын өткізді. Зерттеу сабақтарына лицей ұжымы, бекітілген магниттік мектептердің пән ( Ақсу, Алакөл, Көксу аудан) мұғалімдері сыртқы сарапшы ретінде қатысты. Осы іс-шара барысында мұғалімдерге сабақты жоспарлау, сабақты бақылау мен рефлексиялық талқылауды үйрету маңызды болды. Магниттік мектеп мұғалімдерімен лицей мұғалімдері арасында кәсіби қарым-қатынас орнатылды.