Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 15 қазан күні Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Алматы облысы білім басқармасының Қапшағай қаласы «Нұр-бөбек» балабақшасы мемлекеттік аттесттаттау нәтижелері туралы қорытындысы негізінде балабақша мамандарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Аталған шарада орталық әдіскері Р.Тумаева мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің тиімділігі, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды түзету-дамытуда жеке оқыту бағдарламасын жас ерекшеліктеріне сәйкес қажеттілігін ескере отырып құру, мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына бастапқы мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.