Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында ағымдағы жылдың 22 қазанында «Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған шарада Талдықорған қаласы №14 ОМГ бастауыш сынып мұғалімі А.Қанаева, Қаратал ауданы Б.Римова атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі В.Сун Шин Ян, Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.Окапова, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Г.Туеханова тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестермен пікір алмасты. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері К.Сулейменова «Бастауыш сыныпта ауыз әдебиеті үлгілері мен ғылыми танымдық шығармаларды оқыту» тақырыбында теориялық тұжырыммен қорытындылады.