Облыстық «CLIL» ассоциациясының жоспарына сәйкес ЖМЦ пәндерін оқытуда CLIL технологиясы арқылы тапсырмаларды құрастыру бойынша әдістемелік көмек беру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «ЖМЦ пәндерін оқытудағы CLIL технологиясы бойынша тапсырмалар құру» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарда Жамбыл ауданы Қарғалы №4 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі К.Ығылманова «Информатика пәнін оқытуда CLIL технологиясын қолданып тапсырмалар құрастыру», Сарқан ауданы Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Ж.Қожахмет пен физика пәні мұғалімі Н.С.Калибеков «ЖМЦ пәндерін оқытуда CLIL технологиясын пайдаланып тапсырмалар құрастыру», Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі А.Халыкова «CLIL- теориядан практикаға» тақырыбында таныстырылым көрсетсе, Іле ауданы №12 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ю.Абдурашит «Биология пәнін оқытуда CLIL технологиясы тапсырмаларын қолдану арқылы білім алушылардың ғылыми дағдысын қалыптастыру» тақырыбында шебер – сынып жүргізді.