«Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбында мектеп директорының орынбасарларына арналған вебинар өткізілді. Вебинар барысында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Е.Немеребаев білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру алгоритмі бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Білім сапасындағы алшақтықты қысқартуда әдістемелік жұмыстың алгоритмі, білім сапасын арттыруда педагогтарды әдістемелік жұмыс арқылы сүйемелдеу жолдары, ӘБ жұмысын үйлестірудегі тиімді тәжірибе туралы директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерін ұсынды.