Ағымдағы жылдың 13 қазанында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жас мамандарды кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында облыстық «Жігер» жас мамандар ассоциациясы отырысын өткізді. Жас мамандармен жұпта, топта жұмыс істеу білігін, шығармашылық ойлауын арттыру, психологиялық қолдау, тұлғааралық жағымды қарым-қатынасқа түсу мақсатында орталық әдіскері Т.Жанабекова «Калейдоскоп» психологиялық ойынын жүргізді. «Жігер» жас мамандар ассоциация жетекшісі Қ.Жақсыбаев жас мамандардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру мақсатында тәлімгерлік бағыт-бағдар берді. Ассоциациясының 2021-2022 оқу жылының жұмыс жоспары тыңдалып, талқыланды.