Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жаратылыстану пәнін оқытуда бастауыш сынып педагогтеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған шарада Ескелді ауданы Қарабұлақ ОМ бастауыш сынып мұғалімі, білім беру мазмұнын жаңарту аясында облыс тренері М.Асылбекова жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бойынша, Ескелді ауданы С.Сейфуллин атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі Л.Акимджанова жаратылыстану пәнінің оқытудың ерекшеліктері туралы, Кербұлақ ауданы Т.Кулыбеков атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі Т.Рысбек жаратылыстану сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, Кербұлақ ауданы №49 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Т.Қабылбаева жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды.