Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы балабақша педагогтеріне тәрбие мен оқыту процесін жоспарлауда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Балабақшада жас ерекшеліктеріне сәйкес перспективалық жоспар мен апталық циклограмманы құру ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Аталған шарада орталық әдіскері Р.Тумаева мен Талдықорған қаласы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ерікті тренері Б.Бикембаевамен перспективалық жоспарда ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыптарын анықтап, өтпелі тақырыптар негізінде үлгілік оқу бағдарламаның күтілетін нәтижесіне сәйкес құрыстырылатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, циклограммада балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін таңдауға, балаларды қабылдаудан бастап, үйге қайтуына дейін күн тәртібіндегі барлық процестердің орындалуын толық қамтамасыз ете отырып құру ұсынылды.