2021 жылдың 29-30 қазан күндері дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында магниттік мектептермен жұмысты жалғастыру мақсатында облыстық семинар өтті. Мақсаты: Білім беру сапасын жақсартуға және педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған үздік іс-тәжірибе алмасудың тиімді жұмыс моделін құру, тәжірибе алмасу. Семинарға Райымбек және Қарасай аудандарындағы 5 магниттік мектептің директорлары, директордың орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты. Семинар жұмысы 4 бағыт бойынша жүргізілді. «Шебер-сынып» бағытында пән мұғалімдері 12 ашық сабақ өткізді. Ал «Функционалдық сауаттылықты дамыту — оқушының өзін-өзі жетілдірудің кепілі» бағыты бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырылды. SDU – ДБАГ Әл-Фараби меморандумы аясында Сулейман Демирель университеті «ЖОО мен мектеп: өңірлік жүйедегі интеграциялық байланыстар» тақырыбында семинарға қатысушыларымен кездесу өткізді. Семинардың екінші күні секциялық жұмыстармен жалғасты. Секция жұмысында гимназия психологі А.Мукажанова мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Нуриева «Мектепішілік бақылау: «Мұғалімнің құзыреттілігі-нәтижеге бағытталған білім беру негізі» тақырыбында таныстырылым жасаса, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А.Сайын гимназияның әдістемелік жұмысын басқару мен ұйымдастырудың моделін көрсетті. Сонымен қатар, семинар барысында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының және әл-Фараби гимназиясының мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.