«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернаты мектеп директорларына арналған семинар өткізді. Мақсаты: Ауыл мектептеріне тірек мектептің тиімді тәжірибесін ұсыну, іскерлік байланыс орнату. Лицей директоры А.Аширметов лицейдің даму жоспарының академиялық мақсаттарына, «WISEFULL» халықаралық психологиялық орталығымен бірлескен жұмыстардың ерекшелігіне тоқталып, тәрбие бағытындағы құндылықтарға негізделген білім беру бойынша ата-ана-оқушы-лицей үштігі жұмысын көрсетті.