«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеу режимі» жобасы аясында дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою және толықтыруға бағытталған жұмыстар» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Райымкулова білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша мектеп жұмысы алгоритмінің үлгісін ұсынса, физика пәні мұғалімі А.Ажмухамбетова мен биология пәні мұғалімі Л.Садыканова өз пәндері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға Балқаш ауданының магниттік мектептер: Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Д.Қонаев атындағы әне Бірлік орта мектебі мұғалімдері қатысты.