А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында магниттік мектеп директорларына арналған семинар өткізді. Семинарда лицей директоры А.Алтынбекұлы «Мектептің даму жоспарын тиімді жоспарлау және күтілетін нәтижеге жетудің жолдары» тақырыбында таныстырылым жасаса, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары С.Турулов дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Илубаева педагогикалық консилиумды онлайн және оффлайн форматта ұтымды өткізу туралы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Рахманов құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысының жаңа формалары туралы өз тәжірибелерін ортаға салды.