Күзгі каникул мектеп аясында «English ауылда» жобасын іске асыруда «онлайн школа Terenoi» мен «Jana Dunie» қайырымдылық қорымен бірлесіп шетел тілі сабақтарында тілдік дағдыларды ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында вебинар өтті. Аталған шарада Ақсу ауданы Ж.Сыдықбаев ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.Бейсетбаева мен Алакөл ауданы №14 Станция Бескөл ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі О.Сакмулдинов шетел тілі сабағында сөйлеуге үйретудің тиімді техникасы мен әдістерін көрсетсе, Іле ауданы №42 ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Мұхтарова, Қаратал ауданы М.Горький атындағы ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Мукалиева, Көксу ауданы №1 Б.Құндақбаев атындағы ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Молдағали оқу үрдісінде білім алушылардың тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыруда өз тәжірибелерін ортаға салды.