Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі тарих және география пәндерін оқытудың тиімділігін арттыруда пән оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Вебинарда Талдықорған қаласы, № 28 IT МЛ тарих пәні мұғалімі А.Түктібкаева тарихи концептілер арқылы оқыту ерекшеліктерін, Ұйғыр ауданы, Қалжат ОМ география пәні мұғалімі А.Иманалиев геоақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігін, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің география пәні оқытушысы А.Джумабаева оқыту үрдісінде саралау тапсырмаларын пайдаланудың тиімділігін, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің тарих және география пәндері оқытушысы А. Бейсембаева оқыту үшін бағалаудың тиімді әдістерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.