Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 5 қараша күні күзгі каникул мектеп аясында мектепалды аярлық сыныптары/тобы педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған шарада, Талдықорған қаласы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері М.Байтұрғанова ұйымдастырылған оқу қызметінде үш ойын тәсілін көрсетсе, Талдықорған қаласы №45 «Арман» балабақшасының педагог-психологі Т.Жақсылыққызы тәрбиеленушінің мектепке қолайлы бейімделуіне жағдай жасау, физиологиялық, зияткерлік, әлеуметтік-психологиялық дайындығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.