Алматы облысының білім басқармасы 2021 жылы 10 қарашада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқуға құштарлығын арттыруда педагогтердің тәжірибелерін насихаттау мақсатында Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ базасында дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға басқарма басшысының орынбасары Адамбекова Айжан Маманқызы, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мамандары, аудан, қалалардан мектеп басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагогтер қатысты. Дөңгелек үстелде талқыланған мәселелер: «Оқу мәдениеті — өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» — Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы гимназия директоры; Оқушының әдеби салада қандай құзыретін жетілдіру керек? — Елшиманова Гулдана Нурдиновна, ДБАГ Әл-Фараби қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Дегтярева Наталья Юрьевна, Текелі қаласы №6 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, республикалық «Үздік педагог» атағының иегерлері; Оқырман белсенділігін мектепте қалай қалыптастыруға болады? — Асымханова Оксана Тастановна, Жамбыл ауданы Ү.Кәрібаев атындағы орта мектеп директоры, Комова Ирина Викторовна, Көксу ауданы Б.Құндақбаева атындағы №1 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі; Оқу сауаттылығы — қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі — Асылбекова Меруерт Мадиевна, Ескелді ауданы, Қарабұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Тажикова Гүлнұр Еркінбайқызы, Қапшағай қаласы ОМГ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Отбасылық оқудың маңыздылығы — Естибаева Эльмира Даулетовна, Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Ағылшын тілі» пәні бойынша облыс тренері тәжірибелерін ортаға салып, бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысып, өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге білім басқармасы атынан Алғыс хат табыс етілді.