Күзгі каникулдық мектеп жұмысы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Медиаграмотность как условие всестороннего понимания и анализа информации» тақырыбында вебинар өтті. Аталған шарада Сарқан ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Максименко Наталья Сергеевна Бішкек қаласында 14-15 қазанда өткен CAMILCon2021 медиа ақпараттық сауаттылық жөніндегі екінші Орталық Азия конференциясының материалдары мен ұсынымдарын ұсынды. Конференцияның негізгі идеясы: тілдік пәндер мұғалімдерінің маңызды міндеттері — медиа сауаттылықты қалыптастыру және білім алушылардың ақпаратпен (мәтіндермен) жұмыс істеу дағдыларын дамыту.